2025 жылдың 4-ші желтоқсаны күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай, “Үздік дәнекерлеуші – 2025” байқауы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға қолдау көрсету және еңбек адамының мәртебесін көтеру.Байқау барысында қатысушылар әр түрлі бұйымдарды дәнекерлеп, теорияда алған білімдерін практика жүзінде жоғары деңгейде көрсете білді. Байқауға №11 Сарысу колледжі мен Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде үздік шыққан жас дәнекерлеушілер анықталды: 1-орын – Сарысу колледжінің білімгері Дәрібай Нияз. 2-орын – Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгері Тайжанқұл Баян.3-орын – Сарысу колледжінің білімгері Абу Айқын. Жеңімпаздар арнайы Жастар ресурстық орталығының дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.