2025жылдың 7 қараша "Сарысу медиа" орталығының директоры С. Жанқожаевпен бірлесе Жаңатас көпсалалы колледжінде "Заң бар жерде - тәртіп бар" атты аудан жастарының пікірталасы өтті. Кездесу шарасына аудандық прокуратура, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Сарысу медиа" орталығының директоры, колледж ұжымы мен білімгерлер қатысты. Шара барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрпақтар сабақтастығы мен тәлім - тәрбие туралы кеңінен мәліметтер айтылды. Пікірталас алаңында жастар көкейкесті ойларды ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді. Кездесуге белсене қатысып бірқатар білімгерлер (Елібай Нұрхан, Родионов Максим) мен колледж ұстаздары ұйымдастырушы тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

https://www.facebook.com/share/r/17joAmY5Wp/